07 Тамыз 2024
Жаналықтар

Айтыс - өнердің алтын діңгегі тақырыбы бойынша Бұрынғы айтыс пен қазіргі айтыс өнері атты қарар бойынша дебат ойыны өтілді

Береке орта мектебінде Айтыс - өнердің алтын діңгегі тақырыбы бойынша Бұрынғы айтыс пен қазіргі айтыс өнері атты қарар бойынша дебат ойыны өтілді. Айтыс - ықылым заманнан бері сайын даланы мекен еткен қазақ атты халықтың айнымас серігі, ақылшысы, сарапшысы, өткір құралы еді. Сөз өнері ғана емес, тапқырлық пен ұшқыр ой, көсемдік пен шешендік ұштасқан тіл, діл, ұлт мектебі, өткірлік баспалдағы деп бағаланып келгенін көзі қарақты жұртшылықтың бәрі біледі. Осы қасиеттің барлығын бойында сақтап, ғасырдан ғасырға, заманнан заманға өзгермей өту мүмкін емес, əрине. Уақыт табы, қоғам көзқарасының бедері айтысқа сіңіп, көрініс тауып отырады. Сондықтан да бұрынғы айтыс пен бүгінгі айтыстың айырмашылығы Жер мен Көктей десек, қателеспеген болар едік деген тұжырымға келдік.

Пайдалы ақпараттық ресурстар