31 Шілде 2024
Страницы KZ ГКУ "Берекинская средняя школа с дошкольным мини центром" ГУ "Отдел образования по Балхашскому району управления образования Алматинской области"

Оқу әдістемелік жұмыс

Береке орта мектебі МДШО мкм 2023-2024 оқу жылындағы химия кабинетінің техникалық қауіпсіздігі жайындағы есебі.

Химия кабинеті 10.01.2024 жылдан бастап пайдалануға берілді. Кабинет жарықпен дұрыс қамтамасыз етілген. Химия кабинетінде оқыту процесіне қолдану үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, кабинетке  қоятын негізгі талаптарды орындау міндеттелген. Қауіпсіздік ережесі жазылған стент ілінген.

Химия кабинеті оқушылардың тәжірибелік, сарамандық, зертханамен жұмыстар орындауына арналған көп функциялы интерактивті  жазық экранымен  жабдықталған. Оқу кабинеті арнайы аспаптармен , қажетті құралдармен жабдықталған. Смарт панельмен бірге Жаратылыстану  пәндері және  БӘД орындауға керекті демонстрациялық құралдар да бар.Интерактивті сенсорлық дисплей  мұғалім мен оқушыға түрлі оқу материалдарымен және электрондық сабақтармен бір мезгілде жұмыс істеуге,  интерактивті дисплей маркерлердің жанасуына да, саусақтарымен басқаруға да мүмкіндік береді. Моноблокпен жеке принтермен және химиялық зерттеу жүргізуге арналған приборлармен жабдықталған.

Оқу кабинетін рәсімдеу эстетикалық  талаптарға сай. Кабинеттің  артқы қабырғасында  құрал-жабдықтарды сақтауға арналған шкафтар орналасқан. Химия кабинетінде әр сынып оқушыларына электр құралдарын қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларына байланысты ережелерімен  таныстырылып, инструкция өткізіп, қол қойғызып , жұмыстар қауіпсіздік ережесіне сай жүргізіледі. Мектепте өртке қарсы дабыл қағу қондырғылары , ішкі және сыртқы бейне-бақылау камералары жұмыс жасайды.


Орыс тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Мазакова А.Б. үлгілі сабақ өткізді. Сабағында «Шесть шляп», «Чтение по цепочке», «Словарная работа» әдіс-тәсілдері арқылы өткізілді.


«Білім сапасын арттыруда интербелсенді әдістердің тиімділігі» Іс-тәжірибені тарату семинары.


 Мақсаты:

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдердің теориясы мен практикасын жан-жақты игеру арқылы педагог мамандардың теориялық, әдістемелік тәжірибелік жүйесін жетілдіру;
  • Жаңаша оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін назарға ала отырып, оқытушыларға қалай оқыту керектігін үйренуде көмек көрсету;

Міндеттері:
 1)Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдердің білім сапасын арттырудағы рөлін айқындау;
 2)Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ету;
 3)Теория мен іс-тәжірибенің сабақтастығы арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдарын өзіндік іс-тәжірибеде көрсету, насихаттау.

Семинардың ашылуы салтанаты. Ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Смағұлов А.Е және мектеп директоры Жебегенов Е.Б.

Психологиялық тренинг «Ұжымдық, достық, әріптестік» Аманжолқызы Т.

Тренингтің мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір - біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл - күйлерін көтеру.
 Тренингтің міндеттері:
 Білімділік: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір - бірінің пікірін кұрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.
 Дамытушылық: Тұлғаның өзін ортада көрсете білу, өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу жене өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау. 

Тәрбиелік: жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептік, шынайылык, адалдық құндылықтарын ұғынуға көмектеседі.


SMART сабақ (МИФ) 10-сынып «Түзу мен жазықтықтың параллелдігі. Тізбек бөлігіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Html құжатында мәтін мен график қолдану» Нұрханова Л, Сарсекова М, Сағындық Д.

Мақсаты:

 Түзу мен жазықтықтың паралаллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану;

Жазықтықтардың параллельдік белгісін және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың басы тақырып ашылуы геометрия пәнімен  басталса, сабақтың ортасы практикалық бөлімі физика бойынша тәжірибелік жұмыс орын алды. Сабақ соңында бекіту сабағы ретінде информатика пәнінен Html құжатында мәтін мен график қолдану.


Панорамалық сабақ 4- сынып  қазақ тілі «Етістік» Молдажанова П.

Мақсаты:

4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін , жанрын, стилін салыстырып , ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.


Шебер сынып «Тарих сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану
арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»
Көпенбаева С.

Тарихты оқытудағы инновациялық технологиялар.Әдістер мен тәсілдердің жиынтығы оқыту технологияларынан тұрады. Тарих сабағында өзін жақсы жағынан көрсеткен бірнеше технологияны қарастырылды.

 


Панорамалық сабақ 9- сынып ағылшын «Film genres» Ерлан Қ.


Lesson objectives: All learners will be able to:Understand the general usage of «Useful language on movie riddles»:Participate in a group activity helping to fulfil the task;Ask and answer questions attempting to use specific: vocabulary and useful language.


 Жоба. «Ақылды сабақ» Тоқабаева М.


Білім берудің қазіргі кезеңі мұғалімнен кәсіби деңгейін, әсіресе оқушылардың сабақтағы танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін, жаңартылған білім технологияларын тұтастай жетілдіруді талап етеді. Осы міндеттерді шешу үшін оқу процесін ұйымдастыруда ұтымды технологиялар мен негұрлым икемді тәсілдерді табуға тура келеді.


Шебер сынып. «Биология, химия сабағында интербелсенді бірлескен жұмыстардың маңызы» Сатыбалдин А.


Мақсаты: Мқғалімдерге бірлескен жұмыс барысында жұптық, топтық жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың ойлау дағдысының дамуын ұсыну


 Коучинг. «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» Тынышбай Г.

Мақсаты: Мұғалімдерді оқыту мен оқудағы бағдарламаның 7 модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, модуль тақырыптарына сәйкес әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.


Кері байланыс. «Кері байланыс –сабақтағы маңызды үрдістің бірі» Алимова Г.

Мақсаты: Семинар соңында әрбір мектебімізге келген қонақтарымыз өз әсерлерімен бөлісе отырып , оны тек жаза қоймай АКТ платформасына сақтау.


«Білім сапасын арттыруда интербелсенді әдістердің тиімділігі»
Іс-тәжірибені тарату семинары соңында тәжірибе алмасып,
сабақ өткізген мұғалімдер арнайы облыстық алғыс хаттарымен марапатталды.


 

Пайдалы ақпараттық ресурстар