Береке орта мектебі оқушыларының арасында «Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлердің, білім алушыларының іс - қимыл алгоритмі» жәйлі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты
Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Оқушыларға терроризм жөнінде түрлі видеороликтар көрсетіліп, баяндама оқылды. Терроризм «Антитеррор», өрттен қорғау, рөлімен өрт қызметінің маңызы туралы айтылды, оқушыларға көптеген мәлімет берілді
Аталған мәселелердің шешу жолы слайд арқылы түсіндіріліп, оқушыларға қосымша мағлұматтар берілді. Оқушылар үшін бәрі қызықты болды. Кері байланыс жасалып, оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді. Оқушылар антитерроризм бағытында керекті мағұлматтар алды. Мұндай шаралар балалардың біреуіне болмаса біреуіне төтенше жағдайлар кезінде қолдануға мүмкіндік береді.