06 Тамыз 2024
Ақпарат

Алғашқы қоңырау. Хабарлама 1 қыркүйек 2021

 Алғашқы қоңырау 2021

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі
  Жоспары:
  1. Сапқа тұрғызу
  2. Қонақтармен таныстыру
  3. ҚР мемлекеттік туын енгізу
  4. ҚР гимні
  5. Ауданнан келген өкіл мен ауыл  әкімінің құттықтауы
  6. Би
  7. Мектеп директорының құттықтауы
  8. 1 - сынып оқушыларының өлеңдері
  9. Ата-аналар атынан құттықтау сөз
  10. Алғашқы қоңырау салтанаты
  11. ҚР мемлекеттік туын шығару
  12. Қорытынды сөз
  Уақыты: 9:00 мектепке кіргізу
  Өтетін күні: 01.09.2021
  Сынып: 1 сынып
  Мектеп алаңын дайындау, шарлар, жалаушалар ілу
  
  

Қайырлы күн құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қадірменді ата-аналар!

Сыңғырлай  соққан қоңырау үніне асыға келген жас бүлдіршіндер!  Сіздерді 1 қыркүйек  Білім   күнімен құттықтаймыз.

Мектеп деген білім күні, жыр күні
  Мектеп деген ғылымның ең үлкені
  Мектеп деген тәрбиеші адамға
  Мектеп деген даналардың мекені
  
  Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы 1 сынып  оқушылары! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Кел, балалар, оқылық» атты алғашқы  қоңырау  салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
  
  Жаңа Конституция негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда күшті мемлекет құру жайы алынған. Ол қоғамдық дамудың қазіргі үрдістеріне толығымен сәйкес келеді,тіпті одан да озық.
  
  2021 жыл тарихқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылы болып енеді. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ.

Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!


  Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мерекеде мектеп    табалдырығын атағалы тұрған 1-сынып бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

 

 (музыка ойналады)

 Бүлдіршіндерімізді  білім әлеміне жетелейтін ұстазы Асқанбай Ғанима Байболатқызы ; ( 1-сынып   тізімімен оқылады.)

Бүгінгі салтанатты  жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Аудандық  қаржы   бөлімінің басшысы Ноғайбай Марат Нұраұлы;

2.Береке  ауылдық округінің  әкімі Түймебаев Мұрат Балтағұлұлы;

Әнұраным көгінде шарықтасын,

Көгілдір ту қияда қалықтасын.

Әлем танып білетін елтаңбамды,

Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.

Мектеп, түзел, тік тұр! 

     Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік   Гимні орындалсын!

    (гимн орындалады)

 

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
  Ұстаз деген әулиедей талайға
  Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
  Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.

Құттықтау сөз мектеп директорының  міндетін  уақытша атқарушы Жебегенов Еркебұлан Бейбітұлына беріледі.

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
  Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
  Қуаныш пен салтанатты шақтарда.
  Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

Құттықтау сөзаудандық қаржы бөлімінің басшысы Ноғайбай Марат Нұраұлына беріледі.

Береке ауылдық округінің әкімі Түймебаев Мұрат Балтағұлұлына  беріледі.

Қадамыңа гүл бітсін деп ел - халқың,

Қошеметпен қолын соғып тұр жалпың.

Білім ал, нұр жаусын тек талабыңа,

Ең кішкентай оқушы - қылығы алтын.

Сөз кезегін мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына береміз.(оқушылар өлең  оқиды, би билейді)

Қоңырау сыңғырла, асыға,
Үн қосқан қиядан асуға,
Білім ал, еңбек ет жас ұлан,
Өрле сен биiк шың басына.

(Музыка жіберу)

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі құрметпен 1-сынып  оқушылары  Қуатбек Марлен мен Амангелді Балым.

(Қоңырау соғылып жатқан кезде оқылады)

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла, мәңгілік сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғысын,

Толтырып бір арна, бір жырға.

 

Шаттықтың үніндей мәңгілік,

Соғылсын, қоңырау, соғылсын.

Қуаныш әніндей жаңғырып,

Жүректер ақ нұрға соғылсын.

 

Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар