Жобаның мақсаты:
Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай - ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін дамыту.
Жобаның міндеті:
Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін арттыру.
Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
Электронды кітаптарды оқуға баулу.
| № | Жұмыстың тақырыбы | Жұмыстың түрі | Орындалатын мерзімі | Жауапты |
| 1 | «Кел бірге кітап оқиық!» | Буккроссинг | Қыркүйек | Кітапханашы |
| 2 | «Бәрін таста, кітап оқуды баста» | Үзілісте кітап оқу | Қыркүйек | Кітапханашы |
| 3 | «Отбасылық оқу сағаты» | Отбасымен кітап оқу сағатын ұйымдастыру | Қазан | - |
| 4 | «Тәуелсіздік-ұраным, таусылмайтын жыр-әнім» Тәуелсіздікке 30 жыл | Поэтикалық марафон | Қараша | Кітапханашы |
| 5 | «Оқысаң, өкінбейсің!» | Кітап көрмесіне библиографиялық шолу | Қараша | Кітапханашы |
| 6 | «READx» инновациялық жобасын ұйымдастыру | - | Желтоқсан | Кітапханашы |
| 7 | «Оқырман оқушы, оқырман мұғалім, оқырман ата-ана» | Челлендж | Қаңтар | Кітапханашы |
| 8 | Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бөкейханның туғанына - 155 жыл | Дөңгелек үстел | Ақпан | - |
| 9 | «Әжемнің ертегілері» | Оқу марафоны | Ақпан | - |
| 10 | «Бір сынып бір кітап» | Кітап оқу акциясы | Наурыз | - |
| 11 | Ақын, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл | Әдеби сағат | Наурыз | - |
| 12 | «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты» | Күзгі,қысқы,көктемгі демалыс кезінде кітап оқу | Жыл бойы | - |
| 13 | «Мақал - сөздің мәйегі» байқау | Мақал - мәтел сайысын өткізу | Cәуір | - |
| 14 | «Әдеби Балқаш» | Балқаш ауданынан шыққан ақын - жазушылардың шығармаларын насихаттау | Сәуір | - |
| 15 | «Үздік оқырман сынып» | Үздік оқырман сыныпты анықтау | Сәуір | - |
| 16 | «Ұжыммен оқу» | Ұжыммен оқу | Мамыр | - |
Кітапханашы: А.Түймебаева

