Тамақтану сапасы мониторингісін жүргізу жөніндегі комиссия отырысының № 8 хаттамасы 2022 жылғы 13 сәуір
Комиссия төрағасы
Е.Жебегенов – мектеп директоры
Комиссия мүшелер
Г.Тынышбайқызы - ДОІЖО
А.Оразалина – әлеуметтік педагог
Н.Бугуева – мектеп медбикесі
Г.Абжанова. - ата-аналар комитетінің төрайымы
Күн тәртібінде
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Асхананың санитарлық жағдайы
Тыңдалды:
Мектеп директоры Е.Жебегенов сөз сөйледі. Ол асхананың дайындығы,санитарлық-гигиеналық жағдайы ас дайындауға азық –түліктің болуы туралы таныстырды. Акт бойынша дайындалған тағамдар мен мәзірге келетіндігі туралы айтып өтті. Асханада температуралық тәртіп сақталған. Тоңазытқыштарды тазалап отыру керетігі туралы айтты.Тағамдарды қайта даярлау үшін пайдаланылған кейбір құралдарды тазартып отыру керектігінайтып өтті. 2.Әлеуметтік педагог А.Оразалина сөз сөйледі. Оқушылардың ыстық тамақпен қамту бойынша мектепте барлық ыстық тамақпен қамтылмайтындығын, кейбіреуі ішкілері келмейтіндігі туралы айтып өтті.
Мектеп медбикесі Н.Бугуева сөз сөйледі. Асхананың санитарлық гигиеналық жағдайы талапқа сай қанағаттанарлық екені туралы айтты
ШЕШІМ:
Оқушылардың тамақтану сапасын қажетті нормаларға сәйкестігі
Сынып жетекшілері оқушыларының тамақтану сапасын бақылау.
Директор жанындағы отырыстарда тамақтану жөнінде мәліметтерді хабардар етіп отыру
Төрағасы: Е.Жебегенов
Хатшы: Г.Абжанова