«Береке орта мектебі МДШО» мкм
5 сынып оқушыларымен
тренингтік жаттығулар өткізілді.
А н ы қ т а м а
Өткізілген күні: қыркүйек 2021
Қатысушылар: 5 сынып оқушылары
Қатысқаны:21
Қатыспағаны: 0
Тақырыбы: «Мен 5-сыныпта оқимын!»
Мақсаты: 5 сынып оқушыларының жаңа орта буынға бейімделуіне психологиялық көмек беру, дезадаптацияның алдын алу.
Міндеті:
Балалардың Мен-концепсиясы, нақты өзі-өзі бағалау мен төмен мектеп дербестігі арқылы тұрақты оқу мотивациясың қалыптастыру.
Құрдастармен, мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қажетті, балалардың әлеуметтік және коммуникативтік икемділіктерін дамыту.
Тренинг сабақ барысында:
- Шеңбер:
- Ойын «Қар кесек»
- Сөздіктермен жұмыс. (Сынып ұжымын 3-ке бөлеміз)
- «Мектеп жолы» суретімен таныстыру.
- «Комплимент»
- «Өз әлеміңді құр»
- Қорытынды:
Нәтижесі: Ең алдымен оқушыларға тренингтің барысы мен мақсаты таныстырылды. Одан кейін «Шеңбер» жаттығуы жүргізілді.Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрды. Олар бір- біріне сәлемдесу түрлерін айтты. Оқушылар өздерінің жақсы көңіл-күйлерімен бөлісті. Оқушыларға ақ қағаздар таратылып, онда өз қолдарының суретін салды. Ситуациялық сұрақ қойылды. Оқушылар өз пікірін ортаға салды. «Өз әлеміңді құр » жаттығуында барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып, 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып, қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағымды әуен ойнайды.Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дем ала көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен бөлісті. Әркімнің айтқандарын толықтырды, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін, алға қойған мақсат, армандарының бар екенін айтты. Қорытынды. Оқушылар белсене қатысып, кері байланыс арқылы өздерінің сезімімен және әсерімен бөлісті. Бір-біріне жақсы тілектер айтты.
https://bereke.balqash.edugov.kz/bereke-psiholog/school-psychologist-bereke/11010-men-5-synypta-o-imyn-bereke.html#sigFreeIde880552d26
Педагог-психолог : Аманжолқызы Т.