Хаттама
Күні: қараша
Сынып: 8
Қатысқан оқушылар саны: 24
Қатыспаған:2 оқушы (себепті)
Тақырыбы: «Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?».
Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарылату. Өмірде өз орындарын дұрыс табуға көмектесу.
- Тренинг барысында « Мен кіммін, қандаймын » әдісі арқылы әр қатысушы өздерінің бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерін жазды.
- «Менің жан жақты ерекшеліктерім» жаттығуында оқушылар өз мінезін айтып, сынып оқушылары талдады. Бойындағы ерекше қасиеттерін айтты. Тренингте белсенділік көрсеткен Айшуақ, Нұрай , Арайлым, Әнел болды.
- «Сымсыз телефон» барлық балалар шеңбер бойында тұрып бірінші тұрған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтты. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін айтады, ең соңғы қалған оқушы естігенін дауыстап айтты. Ойын бірнеше рет жалғасты. Оқушылардың көңілдері көтеріліп қалды.
Қорытынды: Тренинг уақыты 40 минут болды. Барлық оқушылар белсенді қатысты.
Оқушылар тренинг соңында өз ойларымен бөлісті. Оқушылардың ұсыныстары алдағы уақытта: махаббат, достық, әдепті сөйлеу, қызықты ойындар тақырыптарында тренинг өтсе екен деген өтініш білдірді.
View the embedded image gallery online at:
https://bereke.balqash.edugov.kz/bereke-psiholog/school-psychologist-bereke/11008-8-synyp-o-ushylarymen-men-mirde-andaj-zhetistikke-zhete-alamyn.html#sigFreeId89cd7b1760
https://bereke.balqash.edugov.kz/bereke-psiholog/school-psychologist-bereke/11008-8-synyp-o-ushylarymen-men-mirde-andaj-zhetistikke-zhete-alamyn.html#sigFreeId89cd7b1760