6-11 сынып қыздарымен «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу онлайн» психологиялық жаттығулары.
«Береке орта мектебі МДШО» мкм
қыз балалармен жүргізілген
психологиялық тренингтік
жаттығулар өткізілді.
А н ы қ т а м а
Өткізілген күні: қаңтар 2022 ж
Қатысушылар: 6-11 сынып қыздар
Тақырыбы: «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан»
Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Нәтижесі: Ең алдымен оқушыларға тренингтің барысы мен мақсаты таныстырылды. «Амандасу» жаттығуы. Оқушылар бір-бірімен жақын танысу үшін шеңбер бойымен тұрғызып, өз атын және өз аты қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есім қосып айтты. Ой қозғау «Қазақ қызы қандай болу керек?» сұрағы бойынша пікір алмасу болды.Қыздар өз ойларын ортаға салды. «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек?- деп сұрай келе, ортаға бір оқушы шығып сол адамның бойындағы мінезін айтады. «Адамгершілік ағашы» жаттығуы. Қыз балалар арасында достық қалыпты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатындаөз бойларындағыерекше қасиеттерін айтты. Бір-бірлерін дұрыс түсіну үшін қандай қасиеттерін бойымыздан табылу керек (келісім, сыйластық т.б.) Көптеген қасиетті жазып адамгершілік ағашына ілді. Қыздарға арналған кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды.«Сенімен қарым-қатынас жасаған ұнайды.» Қыз балалар бір-біріне жақсы тілек айтып, тренингтік жаттығуды қорытындыланды.
Қорытынды:Қыз балалар бір-бірімен жақын танысып, бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін білді. Жаттығу басында тұйықталып тұрған қыздар ашылып, жаттығу соңына қарай белсенділік танытты. Бұл балалар алдағы уақыттта осындай жаттығулар болып тұрса деген тілектерін айтты. Барлығы қызыға қатысты.
https://bereke.balqash.edugov.kz/bereke-psiholog/school-psychologist-bereke/11007-bereke-6-11-synyp-yzdarymen-demi-k-l-sypajy-zh-r-s-lu-ojlan-psikhologiyaly-zhatty-ulary.html#sigFreeId51181d6797
Педагог-психолог: Аманжолқызы Т.
Қолы_____________