05 Тамыз 2024
Мектеп психологы

7-сынып оқушыларымен "Менің отбасым" психологиялық жаттығуы 17 қыркүйек 2021

«Береке орта мектебі МДШО» мкм

7-сынып оқушыларымен

тренингтік жаттығулар өткізілді.

 

А н ы қ т а м а 

 

Өткізілген күніқыркүйек 2021

Қатысушылар7-сынып оқушылары

Тақырыбы«Менің отбасым»

Мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу.

НәтижесіЕң алдымен оқушыларға  тренингтің барысы мен мақсаты таныстырылды.Оқушылар отбасындағы есімдерімен бір-бірімен танысты.Әр оқушы өз отбасындағы адамдардың  бір еркелеткен сөзін еске түсіріп  өз есіміне қосып шеңбер бойымен айтып шықты. Жаттығу балаларға ұнады. Отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылып, оқушылардың әдемі жауаптары   тыңдалды. Барлық сұраққа нақты жауап берді. Оқушыларға шарларға жасырылған жұмбақтар берілді.Жұмбақтың шешуіне байланысты өлең, мақал-мәтел айтып аяқтады. «Отбасылық құндылық ағашы» жаттығуында бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастырды. Тамырына  ең негізгі отбасылық құндылықты, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына  маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды өздері таңдап орналастырды. Отбасы туралы логикалық сұрақтар берілді. Оқушылар қызығып, белсенді орындады. 

      «Менің анам – ол...» жаттығуы арқылы оқушыларға жүрекшелер таратылып берілді. Жүрекшеге өздерінің анасына сипаттама жазып жапсырды. «Менің анам БАҚЫТТЫ болу үшін МЕН не істеймін?» жаттығуында оқушыларға бос алақандар таратылды. Оқушылар ата-ана бақытты болу үшін не істеу керек екендіктерін жазып, ақ жүректің үстіне ілді.Ол сендерге аналық жылуын, мейірімін, махаббатын, уақыт таңдамай сыйлайды. Ал біздің аялы алақандарымыз –бұл яғни қолымыз, оларды жақсы істер жасағанда, бақытын баласынан іздеген ана жүрегі қуанышқа, бақытқа бөленіп, жүрегі тыныш болады.Әрбір үйде, әрбір отбасында осындай жылулық жүрегі болса екен дейміз!» - деп тренингті «Тілек шамы» жаттығуы арқылы қорытындылады.

Бір - біріне тілек айта отырып жүргізілді. Бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларын айтып ортаға салды.

Қорытынды:  Оқушылар белсене қатысып, кері байланыс арқылы өздерінің сезімімен және әсерімен бөлісті. Бір-біріне жақсы тілектер айтты. 

 

Педагог-психолог: Аманжолқызы Т

Пайдалы ақпараттық ресурстар