05 Тамыз 2024
Мектеп психологы

11-сынып оқушыларына психологиялық көмек 13 қазан 2021

 11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау
Мақсаты: ҰБТ тапсырушыларды және қорытынды аттестаттаудан өтетін оқушылардың бойындағы үрей, қорқыныш, қобалжу, алаңдаушылық, күйзеліс белгілерін жою және қолдау көрсету.1. «»Жақсы көңіл-күй» жаттығуыҮлкен ватман қағаз алып, оның жоғарғы бұрышына баланың суретін жапсыру керек. Ортасына «МЕН» деп жазу қажет. Содан кейін жуық арада қандай жетістіктерге жететіңдеріңізді жазасыздар.Мысалы:
1. Мен мектепті «4» пен «5» аяқтадым» !

2. ҰБТ-ні 100 баллға тапсырдым !

3. Менің ата-аналарым менің жетістіктеріме қуанышты !

4. Мен бақыттымын !

5. Мен ҚАЗАҚСТАННЫҢ ең әйгілі ЖОО-да оқимын !

6. Менің денсаулығым жақсы !

7. Мен мықтымын және әдемімін !

8. Менің айналамда жақсы адамдар !

9. Менің достарым көп !

10. Мен баймын !
Жазғандарыңызды күніне екі рет мәнерлеп, дауыс ырғағымен оқу қажет.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар