Психологиялық жаттығу «Өз күштеріңе сен!»
Тренинг мақсаты: Оқушылардың өзі-өзін бағалауды жоғарлату, коммуникативті дағдыларын әрі қарай өрбіту, кез келген қиындыққа басқа көзбен қарап, өз мақсаттына жетуді көздеуге үйрету.
Қорапта оқушыларға арналған сөздер, кімде –кім «Сиқыршы, сиқыршы мен қандаймын?» деп қораптан бір парақ қағазды алса, сонда жазылған қасиетке ие болады.
Психологиялық ахуалды жақсарту
«Өз күшіне сену!» деген ұғымға ассоциация айту
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы: — «Өмірдің ағымынан қалмау»
— «Ешқашанда білмеймін демеу»
— «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»
— «Биік шыңға ұмтылу»
Аутоагентті жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
Ник Вуйчич туралы «Өзіне сену» атты видео ролик көрсету
Топта талқылауға арналған сұрақтар:
-Мына адамда бойында қандай қасиеттер бар?
-Оның жасаған ерлік деп айталасың ба?