«Береке орта мектебі МДШО» мкм
1 сынып оқушыларымен
тренингтік жаттығулар өткізілді.
А н ы қ т а м а
Өткізілген күні: қыркүйек 2021
Қатысушылар: 1 сынып оқушылары
Қатысқаны:15
Қатыспағаны: 1
Тақырыбы: «Танысу»
Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру.
Жаттығулар барысы: Топ шеңбер құрып отырды. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдаланылды. "Сәлем! Сенің атың кім?"- деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол: " Топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір оқушыны көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра" деп нұсқаулық береді.
Нәтижесі: Топ мүшелері шеңбер бойына тұрып,аяқталмаған ойды аяқтап өз ойларын білдірді. Жақсы қасиеттерін айта отырып танысты. Қызығушылықпен қатысып, әрқайсысы көңіл күйлерімен бөлісті.
Қорытынды. Оқушылар белсене қатысып, кері байланыс арқылы өздерінің сезімімен және әсерімен бөлісті. Бір-біріне жақсы тілектер айтты.
https://bereke.balqash.edugov.kz/bereke-psiholog/school-psychologist-bereke/10965-bereke-1-synyp-o-ushylarymen-tanysu-psikhologiyaly-zhatty-uy.html#sigFreeIdb45682ece4