Хаттама
Тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын»
Мақсаты: Өзінің қайталанбас тұлға екенін сезіндіру. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу өз-өзіне сенімділігін арттыру.
Сынып: 9 -11
Күні: қазан 2021
Сабақ түрі: Тренинг сабақ
Қатысқаны: 26
Қатыспағаны: 5 (себепсіз)
Қысқаша мазмұны:
Тренинг барысында оқушыларға презентация көрсетілді. Презентацияда бірнеше сұрақтар қойылды. «Өмірдің мәні не?», «Дұрыс өмір сүру үшін не істеу қажет?», «Арман, мақсат дегенді қалай түсінесің?» оқушылар сұрақтарға толық, белсенді жауап берді.
Өмір туралы оқушылар ойларымен бөліскен соң. Өмір сүру үшін адамда дұрыс мақсат, мақсатқа негізделеген жоспар болуы керек екендігі туралы түсіндірдім.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Барлығы көзін жұмып, өз тілегіне құлақ түре отырып, келешек өмірін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жандарын көз алдына елестетуге тырысады. Келешекте өзін көз алдына қалай елестететіні туралы айтып беру немесе қағаз бетіне түсіру. Оқушыларға ақ парақ беріп, өздерінің қолдарынан келетін, қабілеттерін, сүйікті істерін жазуды өтіндім. Оқушылар бастапқыда аздап қиналды. Кейін бәрі жазды.Бір оқушы жазуға ұялды. Тек ауызша жоспар құратынын, армандайтынын айтты. Мағжан мен Ерболат видео монтаж жасауды ұнататының айтса, Назира пен Аяна өлең оқу, жазуды жақсы көретіндіктерін болашақта сүйікті істерін мамандықпен байланыстыратындарын айтты. Ең үлкен қорқыныш деген сөйлемді аяқтағанда оқушылар қолдау мен сүйенішті қажет ететіні туралы айтты.
Шешімі/Қорытынды: Оқушыларға тренинг ұнады. Барлығы белсенді қатысты. Сыныптың қарым-қатынасы жақсы, өз ойларын ашық айта алады. Психологқа деген сенімділіктері барын байқадым. Тренинг соңында оқушылар сұрақтар қойды. Ернұр «Нақты мақсатты қалай табуға болады?», Еркемай «мақсатты шаршап тұрғанда жазуға бола ма?» т.б сұрақтар қойылды. Оқушыларға психологиялық түрде жауап берілді.
Педагог-психолог: Аманжолқызы Т.
Қолы:__________