06 Тамыз 2024
Хабарландырулар, комитет жиналысы хаттамалары

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №4 - 3 наурыз 2022

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №4

 

Өткізілген күні: 03.03.2022 ж.
  Өтілетін орны: «Береке орта мектебі   МДШО» мкм
  Басталуы:17 .00 – де
  Мектеп директоры: Е.Жебегенов
  Д ДОІЖО – Г.Алимова 

ТІЖО – Г.Тынышбайқызы
  Ата-аналар комитетінің төрайымы- Г.Абжанова
  Әлеуметтік педагог- А.Оразалина
  Қатысушылар: ата – аналар - 115 , сынып жетекшілер - 11
  Өткізілу форматы: жалпы ата – аналар жиналысы

Күн тәртібі:

  1. Мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы. Баяндамашы А.Оразалина-әлеуметтік педагог
  2. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту. Баяндамашы Г.Тынышбайқызы –тәрбие ісі орынбасары
  3. Ата-ананың бала өміріндегі ролі Баяндамашы Т.Аманжолқызы –мектеп психологі

Тыңдалды:

   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог А.Оразалина мектептегі Қамқоршылық кеңесінің жұмысына тоқталды. Қамқоршылық кеңестің мақсаттары,  жұмыс бағыттары, кеңестің атқаратын функциялары және қамқоршылық кеңесінің құрамына  тоқталды. «Қамқоршылық кеңесінің мақсаты: Білім беру ұйымына қолдау көрсету. Ата-аналарға  қамқоршылық кеңестің маңыздылығы жайында слайд пен шағын ролик көрсетілді. Қамқоршылық кеңес болашақта тиімді іс-шаралар ұйымдастыруда қолдау  көрсетеді деп сенім білдірді.


     Күн   тәртібіндегі екінші мәселе бойынша
  « Отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту»тақырыбында  Г.Тынышбайқызы баяндама жасады. Мектептегі ата-аналар кеңесі, әкелер кеңесі, аналар кеңесінің жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Мектепте отбасылық құндылықтарды насихаттау  мақсатында өткізілген тәрбиелік шараларға ( «Отбасы –рухани жаңғыру негізі» ұранымен «Отбасы-бақыт-мекені атты апталығы, жоғары сынып оқушылары арасында  «Менің отбасымның бағы-елімнің мәртебесі» байқауы, «Әке-жауапты лауазым»байқауы) тоқталып, слайдпен көрсетіп өтті.


    Күн   тәртібіндегі  үшінші  мәселе бойынша
 мектеп психологі  Т.Аманжолқызы « Ата-ананың бала өміріндегі ролі» тақырыбында баяндама жасады. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағытында жасалған іс-шараларға тоқталды. 8-10 сыныптар арасында 56 оқушыдан сауалнама алынып, 56 ата-ана келісім парағына қол қойды. Қауіп тобы шықпағанын айтып өтті. Ата-аналарға «Берегите детей» ролигі көрсетілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша  ата-аналар кеңесі отырысы шешім етеді.

ШЕШІМ:

 

1.Мектептегі қамқоршылық кеңесіне ата-аналар, жеке кәсіпкерлер, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, тиімді іс шаралар атқарылсын.

  1. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту мақсатында        мектепішілік шаралар  жандандырылсын.
  2. Оқушылардың өмір қауіпсіздігінде ата-ана мен мектептің жауапкершілігі күшейтілсін.

 

Отырыс төрайымы:  Г.Абжанова
  
  Хатшы:  Ж.Сансызбай

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар